2014 жылғы 24 желтоқсан, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін өзгерту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8562 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 184 (28123) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2013 жылғы 29 наурыз – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығы болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ.